Акция барысында көше жиектері ретке келтіріліп, бей-берекет шашылған қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, қоғамдық орындардың тазалығы назарға алынып, тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру жұмыстары жүргізілді.
Таза орта – денсаулық кепілі. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығына әрбір тұрғын жауапкершілікпен қарап, туған жердің көркеюіне үлес қосуы маңызды. «Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.



