«Таза Қазақстан - таза ауылдың кепілі»

«Таза Қазақстан» бастамасы – ауылымыздың көркеюіне үлкен серпін беріп отырған маңызды жоба. Мемлекет басшысы көтерген бұл бастама аясында ауыл көшелері тазартылып, ағаштар әктеліп, қоқыстар шығарылып, айналамыз бұрынғыдан да таза әрі әдемі бола бастады. Мұндай жұмыстар тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, жастарға үлгі көрсетеді.


Ауыл тұрғыны ретінде тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізіліп жатқанына ризашылығымды білдіремін. Таза ауыл – тұрғындардың денсаулығы мен берекелі өмірінің кепілі. Сондықтан әрбір азамат туған жерінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, ортақ іске үлес қосуы керек деп ойлаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT