Туған жердің тазалығы – әр азаматтың оған деген құрметінің көрінісі. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – тек бүгінгі күннің емес, келешек ұрпақ алдындағы маңызды міндет.
«Таза Қазақстан» бастамасы халықты бірлікке, жауапкершілікке және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Ағаш отырғызу, аумақтарды тазалау, табиғатты аялау сияқты игі істер елдің көркеюіне өз үлесін қосады.
Табиғатқа жанашырлықпен қарау – туған елге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Әр адам тазалықты өзінен, өз үйінен, өз ауласынан бастаса, еліміз көркейіп, қоршаған ортамыз таза әрі жайлы болмақ.
Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі. Табиғатты қорғау – Отанды қорғаумен тең.


