«Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Сондай-ақ бұл жұмыс елорда және ірі қалаларда ғана емес, шағын қалаларда, аудандар мен ауылдарда да ұдайы ұйымдастырылады. Бүкіл Қазақстанды таза ұстау өзімізге, жастарға байланысты. Мен жастарға сенемін. Сондықтан жастарға зор үмітпен қараймын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қалай болғанда да табиғат анаға деген махаббаттың төңірегіне топтасқан қазақстандықтардың әр құлшынысынан сабақтастық байқадық. Оның бір айшығы – науқаншылдықты іліп әкеткен халық пен Президентті қолдай кеткен жастар. Қалай болғанда да, табиғат-анаға деген махаббаттың төңірегіне топтасқан қазақстандықтардың әр құлшынысынан сабақтастық байқадық. Оның бір айшығы – науқаншылдықты іліп әкеткен халық пен Президентті қолдай кеткен жастар. Бұл – қоршаған ортаға деген жанашырлықтың артып, қоғамның ортақ мақсат жолында жұмыла алатынын көрсететін жарқын мысал. Табиғатты қорғау – бір күндік іс емес, ол әр азаматтың күнделікті жауапкершілігіне айналғанда ғана нәтижелі болмақ. Себебі таза табиғат – болашақ ұрпаққа қалдырар ең қымбат мұра.