– Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Отаншыл, білімпаз, еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің бұл сөздері әр азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейді. Отанды құрметтеу, туған жерді таза ұстау – баршамыздың ортақ парызымыз. Елімізде жүзеге асып жатқан реформалар – болашақ жастар үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Әділетті, таза әрі қауіпсіз қоғам құруға әркім өз үлесін қосуы тиіс. Жастарға сенім артылғандықтан, осы сенімді ақтап, білімді, еңбекқор, елжанды болу – уақыт талабы. Тек бірлік пен жауапкершілік арқылы Қазақстанды өркендеген мемлекетке айналдыра аламыз.
А.Каукенова
белсенді жас

