«Таза Қазақстан» - әр азаматтың ортақ міндеті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы арқылы еліміздің тазалығы мен экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңызын ерекше атап өтті. 

Бұл – тек сенбілік өткізу емес, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі. Ауыл тұрғындары үшін де бұл бастама өте маңызды. Себебі ауылдың тазалығы -халықтың мәдениеті мен бірлігінің айнасы.
Біздің ауыл тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын әрдайым қолдап келеді. Көктемгі және күзгі сенбіліктер кезінде көшелер тазартылып, ағаштар әктеліп, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтіріледі. Осындай игі істерге жастар да, үлкендер де белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосуда. Бұл – өскелең ұрпаққа тазалықты сақтау мен табиғатты аялаудың жақсы үлгісі.
Тазалық – денсаулықтың кепілі. Айналамыз таза болса, ауылымыз да көркейіп, тұрғындардың өмір сүру сапасы артады. Сондықтан әр адам өз ауласынан бастап тазалыққа мән беруі керек. «Таза Қазақстан» бастамасы халықты бірлікке, еңбекқорлыққа және қоршаған ортаға жанашыр болуға үндейтін маңызды жоба деп есептеймін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT