Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Тазалық – мәдениеттің айнасы. Қоршаған ортаның таза болуы адамның денсаулығына, өмір сүру сапасына және табиғаттың сақталуына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат өз ауласының, көшесінің және қоғамдық орындардың тазалығына жауапкершілікпен қарауы қажет.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, өзен-көл жағалаулары тазартылуда. Сонымен қатар ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл шараларға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді тұрғындар қатысып келеді.



