«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде қоғамдық жұмысшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Олар көшелерді, саябақтарды, қоғамдық орындарды тазалап, елді мекендердің көркеюіне күн сайын өз үлестерін қосып келеді. Тазалық – тек қоғамдық жұмысшылардың міндеті емес, әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі. Егер әркім өз ауласын, көшесін таза ұстап, табиғатты аяласа, ауданымыздың ажары артып, өмір сүруге қолайлы орта қалыптасады. Таза Қазақстан – әрқайсымыздың ортақ ісіміз әрі ортақ міндетіміз.
Д.Досаев


