«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны таза ұстауға үндейтін өте маңызды бастама. Осы акцияның арқасында ауылымыздың көшелері, саябақтары мен қоғамдық орындары тазарып, тұрғындардың экологиялық мәдениеті арта түсті. Сенбіліктерге жастардың, еріктілердің және ауыл тұрғындарының белсенді қатысуы қуантады.
Тазалық – тек бір күндік жұмыс емес, ол әр азаматтың күнделікті әдетіне айналуы керек. Осындай игі бастамалар туған жеріміздің көркеюіне, табиғаттың таза сақталуына және өскелең ұрпаққа жақсы үлгі болуына ықпал етеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясына әрқайсымыз қолдау көрсетіп, қоршаған ортаны бірге аялайық.
А.Адиров
аудан тұрғыны


