Ұлттық Құрылтай отырыстарында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі ел дамуының маңызды бағыты ретінде айқындалды. «Таза Қазақстан» бастамасы – қоғамның әр мүшесін табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейтін нақты қадам. Таза орта – халық денсаулығының, өмір сапасының және болашақ ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі. Ұлттық Құрылтайда айтылған ойлар азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, ортақ мүдде жолында бірігуге шақырады. Сондықтан «Таза Қазақстан» – тек экологиялық акция емес, елдік сананы жаңғыртатын маңызды қоғамдық құндылық.
Б.Құнас
ардагерлер төрағасы



