Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізіліп жатыр.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы біз үшін игі дәстүрге айналды. Осындай акциялар ауылымызды көркейтіп, тазалығын сақтауға ықпал етеді. Сондай-ақ ұжымды ортақ іске жұмылдырады. Қоршаған ортаға деген жанашырлық әр адамның, әр отбасының және әр ұйымның жеке жауапкершілігінен басталады. Тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау – тек коммуналдық қызметтерге емес, әрбір азаматқа ортақ міндет. Сондықтан мұндай іс-шаралар ауыл ішін абаттандырып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
А.Каукенова ауыл тұрғыны


