ТОҚАЕВ Қасым – Жомарт Кемелұлы,
Қазақстан Республикасының Президенті:
–Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы. Соңғы жылдары елімізде көптеген маңызды өзгеріс болды. Әділетті мемлекет болу үшін біз заң мен тәртіпке бағынатын қоғам құрып жатырмыз. Сондай-ақ ауқымды реформалар жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, өскелең ұрпақ үшін, яғни, сіздер үшін жасалуда. Қазақ жастарының болашағы – жарқын, жолы – ашық. Мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Отаншыл, білімпаз, еңбекқор болыңыздар деп тілеймін. Сонда Қазақстанымыз да Әділетті, Таза, Қауіпсіз және Өркендеген озық ел болмақ. Бәріңізге сәттілік тілеймін.»
Дәл қазіргі уақытта экология мәселесі, оның тазалығы мемлекет алдында тұрған бірден-бір ауқымды мәселенің бірі. Ең алдымен тұрғындарды табиғатты қорғауға, тазалыққа бағыттау болса, ендігі себеп экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция аясында не істелді?
–Елді мекендердегі саябақтар, орман алқаптары, өзен-көл жағалаулары мен жол бойлары тазаланды;
–Тұрғындармен экологиялық мәдениет туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
–Ағаш отырғызу, сенбілік, эко-дәрістер ұйымдастырылды.
Маңызы неде?
«Таза Қазақстан» акциясы тек тазалық қана емес, бұл — ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелейтін қадам. Қазіргі заман адамы табиғатпен үндестік орнатуы қажет. Себебі, таза табиғат — ұлт денсаулығының кепілі.Осындай акциялар арқылы жастар бойында экологиялық сана қалыптасып, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгереді. Әр адамның кішкентай ісі — үлкен өзгеріске жол ашады. «Таза Қазақстан» — бір күндік емес, өмірлік әдетке айналатын экологиялық мәдениеттің бастауы.



