– «Таза Қазақстан» акциясының ауылымыз үшін маңызы зор деп ойлаймын. Соңғы уақытта көшелерді тазалау, ағаш отырғызу, аумақтарды абаттандыру жұмыстары жиі ұйымдастырылып жүр. Осындай шараларға тұрғындардың белсенді қатысып жатқанын көру қуантады. Таза орта – адамның денсаулығына да, көңіл-күйіне де жақсы әсер етеді. Әсіресе балаларға тазалықтың маңызын кішкентайынан үйрету өте маңызды. Әр адам өз үйінің ауласынан бастап тазалық сақтаса, ауылымыз бұрынғыдан да көркейе түседі

