Қоршаған ортаның тазалығы – адам денсаулығы мен қоғам дамуының маңызды кепілі. Осы орайда жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел тұрғындарын тазалыққа, тәртіпке және табиғатты аялауға үндейді.
Таза ортада өмір сүрген адамның денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Сондықтан әрбір азамат өз ауласын, көшесін, қоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосуы қажет. Себебі табиғатты қорғау – тек мемлекеттік мекемелердің емес, барша халықтың ортақ міндеті.
Бүгінде көптеген жастар мен еріктілер сенбілік жұмыстарына қатысып, ағаш отырғызып, қоршаған ортаны тазалауға атсалысуда. Бұл – қоғамдағы ауызбіршілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Таза ел – тәрбиелі ұрпақтың мекені. Сондықтан табиғатты қорғау мен тазалық сақтау мәдениетін әр отбасыдан бастау маңызды.



