Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздік пен табиғатты қорғау мәселелері әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып келеді. Соның жарқын көрінісі – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы. Бұл бастама ел аумағындағы қоршаған ортаны қорғауға, тұрмыстық қалдықтарды азайтуға және табиғи аймақтардың тазалығын сақтауға бағытталған.
Акцияның басты мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоғамның әрбір мүшесін туған жерінің тазалығына, табиғатты аялауға үндеу. Мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары, кәсіпорындар мен еріктілер бірлесе отырып, сенбіліктер ұйымдастыруда, өзен-көлдердің жағалауын, орман алқаптары мен қалалық саябақтарды тазалауда белсенділік танытуда.

