Таза Қазақстан – елімізде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды қоғамдық бастама. Бұл акцияның негізгі мақсаты – халықты табиғатты аялауға шақыру, қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, саябақтар, өзен-көл жағалаулары мен қоғамдық орындар тазартылуда. Оған мектеп оқушылары, жастар, еріктілер мен түрлі мекеме қызметкерлері белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосуда. Мұндай шаралар тек тазалықты қамтамасыз етіп қана қоймай, адамдарды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатқа деген жанашырлықты арттыратын, экологиялық сананы қалыптастыратын игі бастама. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың парызы. Сондықтан табиғатты таза ұстау, қоқыс тастамау және айналаны ластамау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Таза ел – жарқын болашақтың кепілі.

