Бүгінгі таңда елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүзеге асырылуда. Аталған бастама – қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға бағытталған маңызды шара.
Мен, Индербор кентінің тұрғыны ретінде, осындай игі бастаманың қолға алынғанына қуаныштымын. Тазалық – әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Кентіміздің көркейіп, таза әрі жайлы мекенге айналуы үшін әрқайсымыз атсалысуымыз қажет. Табиғатты аялау – туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі.
Баршаңызды туған өлкеміздің тазалығына бейжай қарамай, «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға шақырамын!
Дина Салауатова
Кент тұрғыны



