Таза ел берекелі ел

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Таза Қазақстан – бір күндік науқан емес, бұл – әр азаматтың күнделікті өмір салты болуы керек» деп атап өтті.

Бұл бастама – тек сенбілік өткізу немесе қоқыс жинаумен шектелмейді. Ол туған жерге деген құрметті, табиғатты аялауды және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Әрбір егілген ағаш, әрбір жиналған аула, әрбір таза көше – ел болашағына қосылған үлес.

Таза қоршаған орта – дені сау ұлттың, көркейген мемлекеттің кепілі. Сондықтан әрқайсымыз өз үйіміздің, ауламыздың, ауылымыз бен қаламыздың тазалығына бейжай қарамай, ортақ іске үлес қосайық. Өйткені Қазақстанның тазалығы – өзімізден басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT