«Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі»

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарды қолдаймын.

Сенбіліктерге мекеме қызметкерлерінің белсенді қатысуы – ортақ мақсат жолындағы бірліктің көрінісі. Аумақтарды тазалау, ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау, қоғамдық орындарды ретке келтіру арқылы ауылымыздың көркін арттырып келеміз. Таза ортада өмір сүру – баршамызға ортақ тілек. Сол себепті тазалық жұмыстарына әр тұрғын өз үлесін қосып, кейінгі ұрпаққа таза әрі көрікті мекен қалдыруға атсалысуы керек.

Сания Науанова

ауыл тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT