Бөдене ауылында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ауылдың тазалығын сақтау, көшелерді абаттандыру, қоршаған ортаны көгалдандыру бағытында игі істер жүзеге асуда.
Ауыл тұрғындары да бұл бастамаға белсенді атсалысып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосуда. Осындай ортақ іске жұмылу – елді мекеннің ажарын арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.
Гүлжанат Сұлташева
Бөдене ауылы



