Таза ауыл – тұрғындар мәдениетінің көрінісі

Ауыл тазалығы тек сенбілік өткізумен шектелмеуі керек. Мекемелердің ауласын таза ұстауы, көшелердің уақытылы тазартылуы, тұрғындардың қоқысты белгіленген орынға тастауы – ортақ мәдениеттің белгісі. Бүгінде түрлі мекеме ұжымдарының ұйымдасып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысуы қуантады. Дегенмен қоршаған ортаны таза сақтау күнделікті дағдыға айналғанда ғана нәтижесі болады. Әркім өз үйінің ауласынан бастап, көшесіне, ауылына жанашырлықпен қараса, туған жеріміздің көркі де арта түседі. Тазалық – бір күндік науқан емес, үздіксіз жалғасатын ортақ жауапкершілік.

Ә.Талғатұлы

кент тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT