Таза ауыл – таза болашақ

 

Қазіргі таңда елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Бұл игі бастама аясында Жарсуат ауылында да тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Мен, Жарсуат ауылының тұрғыны ретінде, бұл акцияны қолдаймын. Себебі ауылымыздың таза, көрікті әрі жайлы болуы – баршамызға ортақ міндет. Туған жеріміздің тазалығын сақтау, көшелерді ретке келтіру, ағаш отырғызу – болашақ ұрпақ үшін жасалған игі іс. Әрбір тұрғын қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, өз үлесін қосуы керек.

Айгүл Тоқанаева

Жарсуат ауылы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT