Қоғамның мәдениеті мен санасы ең алдымен тазалыққа деген көзқарасынан байқалады. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы зор. Бұл бастама тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және туған жердің тазалығын сақтауға үндейді.
Экологиялық акция барысында көптеген аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе жастар мен еріктілердің белсенділігі қуантады. Бұл – өскелең ұрпақтың табиғатқа бейжай қарамайтынын көрсетеді. Тазалық жұмыстары тек бір күндік науқан болмауы керек. Әр адам күнделікті өмірде тазалық сақтап, қоғамдық орындарды ластамауға дағдылануы қажет. Сонда ғана қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасады. «Таза Қазақстан» – тек акция емес, бұл – ортақ құндылыққа айналуы тиіс бастама. Себебі таза ел – болашаққа жасалған үлкен қамқорлық.
А.Каукенова
кәсіпкер



