Ауылдың тазалығы әр үйдің ауласынан, әр көшенің көрінісінен байқалады.
Мекеме қызметкерлері мен тұрғындар сенбілікке жұмылып, ортақ іске үлес қосқанда, елді мекеннің келбеті де өзгереді. Дегенмен тазалықты тек сенбілікпен шектеуге болмайды. Әркім өз ауласын таза ұстап, қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қараса, бұл игі бастама күнделікті әдетке айналады. Туған жерді таза ұстау – оған деген құрметтің белгісі.
Айнагул Нұрқуатова
кент тұрғыны



