«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданымызда абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінуде.
Елді мекендердің көшелері тазаланып, қоғамдық орындар ретке келтіріліп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Бұл – тек тазалық сақтау емес, туған жерге деген құрметтің көрінісі. Аудан тұрғындарының сенбіліктерге белсенді қатысуы да ортақ іске деген жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді. Тазалық бір күндік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы қажет.
Айнагул Нұрқуатова
кент тұрғыны



