“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Есбол және Ынтымақ ауылдарында орналасқан тарихи- мәдени ескерткіштерде сенбілік ұйымдастырылды.
– Атап айтқанда 1934-1942 жылдары“ Социалистік мал шаруашылығы ” “ Коммунизм туы” “Индер”, “Дендер” аудандық газетінің редакциясы мен баспаханасы болған ескерткіш белгісінің және “Ноғай” учаскесінде орналасқан ақын Қиса Көпжанұлының қаза ттапқан орнына орнатылған ескерткіштің айналасы тазаланып, көріктендіру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар Есбол және Ынтымақ ауылдарындағы Боздақтар ескерткіштері , саябақ және балалар ойын алаңдары тазаланды, – дейді округ әкімінің орынбасары Ерболат Сабиров.

