Мен қарапайым тұрғын ретінде Жолдауда табиғатты қорғау, су ресурстарын үнемдеу және орман қорын сақтау мәселелерінің көтерілуін өте дұрыс шешім деп санаймын. Себебі таза ауа, мөлдір су – біздің денсаулығымыз бен болашағымыздың негізі.
Суды ысырап етпей пайдалану, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны ластамау – әр азаматтың міндеті. Табиғатты сақтасақ қана келер ұрпаққа жақсы өмір қалдыра аламыз деп ойлаймын.
Г.Беймбетова



