Президент атап өткендей, «Таза Қазақстан» – бір күндік сенбілік емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Меніңше, туған жердің тазалығына бейжай қарамай, қоршаған ортаны күтіп ұстау – елге деген құрметтің белгісі.
Президент табиғатты қорғау – келешек ұрпақ алдындағы міндет екенін бірнеше рет атап өтті. Сондықтан ағаш отырғызу, су көздерін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – әрқайсымыздың парызымыз.
А.Балтабекқызы


