Табиғатты аялау - азаматтық парыз

Табиғат – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан қоршаған ортаны таза сақтау және табиғатты қорғау – әр азаматтың міндеті. Бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы мақсатқа бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

 

Табиғатты аялау тек үлкендердің ғана емес, жас ұрпақтың да борышы. Оқушылар сенбіліктерге қатысып, көшелерді тазалап, ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаға қамқорлық танытады. Мұндай істер балалардың бойында жауапкершілік пен еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастырады.

 

Менің ойымша, тазалық сақтау әркімнің өзінен басталуы керек. Егер әр адам табиғатты қорғауға үлес қосса, еліміз таза әрі көрікті бола түседі. Сондықтан табиғатты аялау – тек міндет емес, әр азаматтың парызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT