Табиғатқа жанашыр ұрпақ – ел тірегі

Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау – маңызды мәселелердің бірі. Табиғатты аялау әр адамның міндеті болса, оны болашақ ұрпаққа үйрету – үлкен жауапкершілік. Осы орайда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы зор.

 

Оқушылар мұндай шараларға белсенді қатысу арқылы табиғатты қорғаудың мәнін түсінеді. Мектеп ауласын тазалау, ағаш отырғызу, көшелерді қоқыстан арылту – жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген қамқорлығын көрсетеді. Табиғатқа жанашырлық танытқан оқушы ертең елін сүйетін, жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасады.

 

Менің ойымша, тазалық әркімнің өзінен басталуы керек. Егер әр адам айналасын таза ұстап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің болашағы да жарқын болады. Сондықтан табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT