Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына үлкен кедергі келтіретін әлеуметтік мәселе. Ол әділетсіздік туғызып, халықтың билікке деген сенімін әлсіретеді.

Мұндай жағдай көбіне заңсыз пайда табу, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану сияқты әрекеттер арқылы көрініс табады. Бұл тек экономикаға ғана емес, білім, денсаулық және басқа да салалардың дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан жемқорлықпен күрес – мемлекет үшін де, қоғам үшін де аса маңызды бағыт.

Сыбайлас жемқорлықты жою үшін ашықтық, әділдік және қоғамдық бақылау қажет. Әр азамат адалдықты таңдаса ғана, әділетті қоғам қалыптасады.

Гүлбану Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT