«ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК»
Балалар омбудсмені Динара Закиева 11-13 жастағы балалар арасында суицид жасаушылардың саны өскендігін айтады. Аталған мәселе облысымызда да өзекті. Қазіргі кездегі балалардың психологиясы өзгеше екенін ата-ана да мойындап отыр. Сонымен қатар ата-ана мен мектеп болып, жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, өмір қауіпсіздігіне баса назар аударып, жас жеткіншектерге берілген білім мен тәрбиеге аса көңіл бөлу мақсатында барлық білім беру орындарында «Ата-аналарды қолдау орталықтары» ашылған.
Тақырыпты жазу барысында бірқатар мектеп психологтарымен сөйлестім. Психологтардың айтуынша, көбінесе ата- ана «баламды жұрттың баласынан кем етпеймін» деп тек тамағын тауып, киім- кешегін бүтіндеумен әлек болады да, балаға бір мезгіл уақыт бөліп, перзентімен ашық-жарқын сөйлесу ұмыт қалып жатады. Қазіргі кезде көбі виртуалды өмір арқылы байланысады. Қолымыздағы смартфон арқылы түрлі мессенджерлерде хат алмасып отырады. Бұл аралықта олар экранның арғы жағында қандай адам отырғанына мән бере бермей, оның түрлі айласына ілініп, соңы бізді өкіндіретін жағдайға әкелуі де мүмкін дейді мамандар.
Махамбет атындағы орта мектептің психологі Жібек Махуова мектепте аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу: суицидтің себептері және профилактика жолдары жөнінде пікірін білдірді.
– Қ а з і р г і қ о ғ а м д а ж а с ө с п і р і м д е р арасындағы аутодеструктивті мінез- қ ұ л ы қ м ә с е л е с і ө з е к т і б о л ы п о т ы р . Аутодеструктивті мінез-құлық – бұл адамның өзіне саналы немесе бейсаналы түрде зиян келтіруге бағытталған әрекеттері. Оған өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, өз денсаулығына зиян келтіру, қауіпті мінез-құлық түрлері жатады. Бұл мәселе психология және педагогика салаларында жан-жақты зерттеледі және мектеп жағдайында ерекше назарды талап етеді.
С у и ц и д – к ү р д е л і ә л е у м е т т і к - психологиялық құбылыс. Оның пайда болу себептеріне бірнеше факторлар әсер етеді. Алдымен психологиялық факторлар, яғни депрессиялық күй, эмоционалдық тұрақсыздық, өзін-өзі төмен бағалау, жалғыздық сезімі. Әсіресе депрессия жасөспірімдер арасында суицид қаупін арттырады. Екіншісі әлеуметтік факторлар: отбасындағы түсініспеушілік, ата- ананың жеткілікті көңіл бөлмеуі, құрдастар арасындағы буллинг, әлеуметтік оқшаулану. Үшіншісі, биологиялық факторлар: тұқым қуалаушылық, жүйке жүйесінің ерекшеліктері. Төртіншісі ақпараттық факторлар, яғни интернеттегі зиянды контент, суицидті насихаттайтын топтар мен ойындар.
Жалпы аутодеструктивті мінез-құлықтың белгілеріне мектеп мұғалімдері мен ата- аналар назар аударуы тиіс. Оған оқушының тұйықталуы, жалғыздықты іздеуі, сабақ үлгерімінің күрт төмендеуі, агрессия немесе керісінше енжарлық, өмірдің мәні жоқ екендігі туралы пікірлер және өз-өзіне зиян келтіру әрекеттері жатады, – деді ол.
Білім беру орындарында балалардың психологиялық деңгейін анықтау мақсатында арнайы жұмыстар жүргізіледі. Бұл ретте мектеп психологтары суицидтің алдын алу бойынша жұмыс жасайды.
– Мектепте суицидтің алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Психологиялық қызметті күшейту бағытында мектеп психологі оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, кеңес беру, диагностика, түзету жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Профилактикалық бағдарламалар бойынша оқушыларға арналған тренингтер (стреске төзімділік, эмоцияны басқару, өзін-өзі бағалау) өткізеді. Мұғалімдер оқушының мінез-құлқындағы өзгерістерді ерте байқап, қолдау көрсетуі тиіс. Мектепте қауіпсіз психологиялық орта қалыптастырып, өзара сыйластық мәдениетін дамыту арқылы буллингтің алдын алады. Және жиналыстар, семинарлар арқылы ата- аналарға бала тәрбиесіндегі психологиялық аспектілерді түсіндіру маңызды.
Ал суицидтің алдын алу жолдарына оқушымен сенімді қарым-қатынас орнату, оның мәселелерін тыңдай білу, психологиялық көмекке уақытылы жүгіну, баланың қызығушылықтарын қолдау, қиын жағдайларда жалғыз қалдырмау жатады.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу – мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен жұмысының нәтижесі. Әрбір балаға түсіністікпен қарап, қолдау көрсету – суицидтің алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Сондықтан білім беру ұйымдарында психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру – басты міндеттердің бірі, – дейді тәжірибелі психолог маман Жібек Алдабергенқызы

