Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды

Жаз мезгілінде суға шомылу – демалыстың ең сүйікті түрлерінің бірі. Алайда қауіпсіздік талаптарын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Әсіресе рұқсат етілмеген жерлерде шомылу, мас күйінде суға түсу және балаларды қараусыз қалдыру үлкен қауіп тудырады.

Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылып, қауіпсіздік белгілерін қатаң сақтау қажет. Сондай-ақ жүзуді білмейтін адамдар құтқару құралдарын пайдаланғаны жөн.

Ата-аналар балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауы керек. Әр азаматтың жауапкершілігі мен сақтығы ғана судағы қауіп-қатердің алдын алып, демалысты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT