Жаз мезгілінде су айдындарында демалушылар көбейеді. Алайда қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан тек рұқсат етілген жерлерде шомылып, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйде суға түспеу және құтқарушылардың ескертулеріне құлақ асу өте маңызды. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы өз өміріңізді де, өзгелердің өмірін де қорғай аласыз. Су – тіршілік көзі, бірақ қауіпсіздік ережелері сақталмаған жағдайда қауіптің де көзіне айналуы мүмкін.
Г. Асанова


