Стратегиялық серіктестік жаңа белесте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың "Синьхуа" агенттігіне берген сұхбаты екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың бүгінгі деңгейін айқын көрсетті.

Сұхбатта атап өтілгендей, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік уақыт сынағынан өтті. Бүгінде екі ел сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, өнеркәсіптік және технологиялық салаларда тығыз жұмыс істеуде.Әсіресе "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы бірлескен жобалардың маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағы арқылы өтетін теміржол және автомобиль дәліздері Еуразия құрлығын байланыстырушы негізгі артерияға айналды. Бұл жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай, жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға жол ашады.Президент жасанды интеллект, цифрландыру және жасыл энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше тоқталды. XXI ғасыр экономикасы технологияға негізделетінін ескерсек, бұл бағыттар Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кілті болмақ.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы екі ел халқы арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту қажеттігін атап өтті. Білім, ғылым, туризм саласындағы алмасулар халықтар достығының берік негізі болып табылады.Қорытындылай келе, Президенттің "Синьхуа" агенттігіне берген сұхбаты Қазақстанның тең құқылы, өзара тиімді сыртқы саясатының жарқын үлгісі болды. Қытаймен стратегиялық серіктестікті тереңдету – бұл бүгінгі экономикамызды нығайтып қана қоймай, ертеңгі ұрпақ үшін тұрақты болашақ құру деген сөз. Сенімдіміз, алдағы уақытта екі елдің бірлескен жобалары көбейіп, бұл ынтымақтастық Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруға өз септігін тигізеді деп санаймын.

 

Жолдасқали Өмірбаев

Индер ауданының құрметті азаматы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT