Сталкинг – бұл бір адамның екінші адамды жүйелі түрде аңдуы, мазалауы немесе қудалауы арқылы оның жеке өміріне қол сұғуы. Мұндай әрекеттер адамның психологиялық жағдайына кері әсерін тигізіп, қорқыныш пен алаңдаушылық тудыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта сталкинг тек тікелей бақылау немесе соңынан қалмау арқылы ғана емес, әлеуметтік желілер мен түрлі байланыс құралдары арқылы да көрініс табуда.
Құқықтық және психологиялық тұрғыдан алғанда, сталкинг – жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен еркіндігіне нұқсан келтіретін жағымсыз құбылыс. Сондықтан қоғамда бұл мәселе туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Әр адам өзінің жеке шекарасын қорғауға құқылы және мұндай жағдайлар орын алған кезде тиісті органдарға жүгіну қажет.
Сталкингтің алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениеті қалыптасқан жағдайда ғана мұндай келеңсіз әрекеттердің азаюына қол жеткізуге болады.
Г.Шортанбаева

