СТАЛКИНГ ЖАСАҒАНДАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

ӘРБІР ӘЙЕЛ МЕН ҚЫЗ БАЛА ҮШІН ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ ЕКЕНІН ЖӘНЕ БҰНДАЙ ӘРЕКЕТ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ӘКЕЛЕТІНІН КӨПШІЛІККЕ НАСИХАТТАУ МАҢЫЗДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ ЕЛІМІЗДЕ ӘЙЕЛДЕРГЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТУГЕ ҚАРСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН БАСТАЛДЫ. ІС-ШАРА НЕКЕГЕ МӘЖБҮРЛЕУ, СТАЛКИНГ ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕ ДЕ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ТӨЗБЕУ ҚАҒИДАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.

Аталмыш науқан аясында мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіліп, заңгер, полиция қызметкерлері мен психологтардың қатысуымен дәрістер, жастарға арналған жеке шекара және қауіпсіз орта туралы тренингтер,     ата-ана лармен балаларды қысым мен манипуляциядан қалай қорғау қажеттігі туралы кез десулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар науқан аясында «QURMET» челленджі жарияланды.       Челленджге қатысушылар әлеуметтік желілерде фото, бейне және қысқа мәтіндер жариялап, құрмет пен жеке шекара ұғымы туралы өз пікірін бөлісе алады.

– Қазіргі таңда қоғамда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын құқық бұзушылықтардың бірі – сталкинг (қудалау, аңду) болып отыр. Сталкинг дегеніміз бір тұлғаның басқа адамды жүйелі түрде аңдуы, мазалауы, қорқытуы, байланысқа мәжбүрлеуі, оның тыныштығын бұзуы және психологиялық қысым көрсетуі. Қазақстан Республикасының заңнамасында «сталкинг» жеке бап ретінде көзделмегенімен, мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сталкинг әрекеттері отбасылық-тұрмыстық қатынастар ая сында орын алған жағдайда, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Аталған бапқа сәйкес, ескерту жасалады, айыппұл салынады, әкімшілік қамауға алу қолданылады; жәбірленушіні қорғау мақсатында қорғау нұсқамасы шығарылады, құқық бұзушыға ерекше талаптар қойылады (жәбірленушімен бай ланыс жасауға, бір жерде болуға тыйым салу), құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, жаза қатаңдатылады. Сонымен қатар қылмыстық жауапкершілік көзделген. Егер сталкинг әрекеттері ауыр салдарға әкелсе немесе қорқыту, қорлау, жеке өмірге қол сұғу, психологиялық қысым көрсету сияқты белгілермен ұштасса, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, қорқыту, қорлау, жеке өмірге қол сұғу, жүйелі психологиялық қысым көрсету фактілері бойынша қылмыстық іс тіркелуі мүмкін. Полиция органдары сталкинг фактілері бойынша қорғау нұсқамасын шығарып, құқық бұзушыға ерекше талаптар қояды және профилактикалық есепке алып, әкімшілік іс қозғайды және қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда қылмыстық іс тіркейді, – дейді аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Алтынай Измуханова. Сондай-ақ полиция органдары азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сталкингтің алдын алуға, оның жолын кесуге және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026