Құрылтайдың Ерлан Қариннің вице-президент лауазымына кандидатурасын қолдауы және Олжас Бектеновті Премьер-министр лауазымына тағайындауға келісім беруі – ел дамуы үшін маңызды шешімдер деп ойлаймын. Бұл тағайындаулар мемлекет алдындағы үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Ең бастысы – елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру және Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру. Жаңа қызмет иелеріне артылған сенім ел игілігі жолындағы нақты істермен көрініс табады деп сенемін.
Өтепберген Темірғалиұлы,
Индер ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі» медалінің иегері



