«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып жүрген сенбіліктердің маңызы зор. Осындай игі іске мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары бірлесе қатысып, көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып келеді. Бірі қоқыс жинаса, енді бірі ағаштардың айналасын ретке келтіріп, ауылдың көркеюіне үлес қосады. Мұндай жұмыстар адамдарды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Ең бастысы, сенбілік кезінде тазартылған аумақты кейін де таза ұстауға бәріміз атсалысуымыз қажет.
Маргарита Аманжолқызы
Ұстаз



