Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі соңғы жылдары қайта-қайта көтерілгенімен, шешімін таппай келеді. Мамандардың пікірінше, буллинг, әлеуметтік желідегі қысым, отбасындағы түсінбеушілік, жалғыздық, ҰБТ алдындағы стресс, эмоциясын ашық айта алмау – мұның бәрі бүгінгі жасөспірімнің психикасына әсер етіп отыр. Салдарынан арты өкінішке әкелуде.
Е ң қ а у і п ті с і – кө п ж а ғ д а й д а м ұ н ы е ш кі м байқамайды. Мамандар дәл осы көрінбейтін ішкі жалғыздық қазіргі қоғамның ең қауіпті мәселелерінің бірі дейді. Сырт көзге бәрі қалыпты көрінуі мүмкін. Сабаққа барып, күліп-ойнап, әлеуметтік желіге видео жүктеп жүрген баланың ішінде үлкен психологиялық күрес жүріп жатуы ықтимал.
Балалар арасындағы буллинг бүгінде ушығып тұр. Мәселен, бала мектепте буллингке ұшыраса, ол әрі қарай ұялы телефондағы чатта жалғасып жатады. Әлеуметтік желіде түрлі стикерлер арқылы бір мезетте жүздеген адамның келемежіне ұшырайды. Психологтардың айтуынша, ұзақ уақыт буллинг көрген балада мазасыздық күшейіп, өзін бағалау деңгейі төмендей бастайды. Салдарынан бала мектепке барғысы келмейді, ешкімге сенбейтін күйге түседі екен.
Отбасын қолдау орталығы КММ-сінің құрылымдық б ө л і м ш е б а с ш ы с ы ә р і п с и х о л о г ы Д и н а р а Каденованың айтуынша, балалардың суицидке баруына бірнеше фактор әсер етеді.


