Саяси өзгерістің бастауы

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өз жұмысын бастап жатыр. Бұл – тек елордадағы немесе мамандар арасындағы әңгіме емес. Қабылданатын шешімдер аудандар мен ауылдағы әр отбасының, әр азаматтың өміріне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл процесті алыстағы саясат деп қарауға болмайды.


Конституция – мемлекеттің тірегі. Ол қалай өзгерсе, соған сай басқару жүйесі, әділет, жауапкершілік те өзгереді. Сол себепті комиссия жұмысының ашық форматта өтуі өте маңызды деп санаймын. Қазір адамдар бұрынғыдай «жабық есіктің артында не шешілді?» деп ойламайды. Кім не айтты, қандай ұсыныс болды – бәрі көз алдымызда.
Халық үшін ең маңыздысы – әділдік пен түсініктілік. Заң түсінікті болса, оған сенім де болады. Комиссия құрамында әртүрлі сала өкілдерінің болуы – соның белгісі. Бұл тек бір ортаның емес, бүкіл қоғамның пікірі ескерілетініне үміт береді.
Ауыл әкімі ретінде айтарым: мұндай реформалар халықтың қолдауынсыз нәтижелі болмайды. Ал қолдау ашықтық пен түсіндіруден басталады. Сондықтан болып жатқан өзгерістерді жұртшылыққа жеткізу, талқылау – біздің де міндетіміз. Ел болашағына қатысты шешімдерге бейжай қарамай, бірге ойланатын уақыт келді.


Қ.Табылдиев,

 Көктоғай ауылдық округі әкімі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026