Сауда жасаймын деп, сан соқпаңыз

Онлайн сауда уақытты үнемдеп, қажетті тауарды үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Алайда осы мүмкіндікті алаяқтар да өз пайдасына жаратып отыр. Жалған интернет-дүкендер, арзан баға ұсынып қызықтыру, алдын ала төлем талап ету – бүгінде жиі кездесетін тәсілдер.

Сондықтан онлайн сауда кезінде сатушының сенімділігін тексеріп, бейтаныс шоттарға ақша аударуға асықпаған жөн. Арзан бағаға қызығып, соңында опық жеп қалмау – әр адамның өз жауапкершілігі.

 

Ж.Нариман

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT