Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай, Индер ауданы Полиция бөлімімен Индер ауданы, Елтай елді мекенінде орналасқан «Жас өркен» жазғы демалыс лагерінде демалушы балалардың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысқан балалар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетті.
Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталып, спорттық сыйлықтармен ынталандырылды.
аудандық полиция бөлімі



