Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қазіргі заманның маңызды міндеттерінің бірі. Қауіпсіз қоғам құру тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл халықтың ортақ жауапкершілігі болып табылады. Егер полиция мен тұрғындар арасында сенім мен өзара түсіністік орнаса, қылмыстың алдын алу да тиімді болады.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда тұрғындардың белсенділігі ерекше рөл атқарады. Мысалы, күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау, заң талаптарын сақтау, жастарға дұрыс тәрбие беру – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізі. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.
Қоғам мен құқық қорғау органдарының серіктестігі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Мұндай ынтымақтастық нәтижесінде көшелерде тәртіп сақталып, адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әр азаматтың борышы әрі ортақ ісі деп білем.
Көктоғай ауылы тұрғыны,
зейнеткер О.Ақымғалиева

