Құрметті ата-аналар!
Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың өзен-көлдер мен басқа да су айдындарының маңында ересектердің қарауынсыз жүруіне жол бермеңіздер.
Жайық өзенінің жағалауы мен басқа да су айдындары қауіпті аймақ болып табылады. Сондықтан балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, олардың бос уақытын бақылауда ұстауды сұраймыз. Белгіленбеген орындарда шомылуға, жағалауда қараусыз ойнауға және қауіпті әрекеттер жасауға тыйым салынатынын үнемі ескертіп отырыңыздар.
Балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамайық! Қарапайым сақтық шаралары қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.



