Рухы биік ұлттың жеңісі - Көшпенділер ойындары

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауы - ұлттық спортқа берілген үлкен құрмет .Президенттің "Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру -нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет" деген сөзі жүрекке жетті.Расында, бұл жай ғана спорттық сайыс емес. Бұл - бабалар мұрасын, көшпелі өркениеттің рухын әлемге таныту.

Ұлттық құрама жалпы есепте 1-орын алып, 74 медаль, оның 32-сі алтын еншіледі. Бұл - Қазақстанның ұлттық спорты әлемдік деңгейге көтерілді деген сөз. Президент атап өткендей, "Бұл жеңіс қазақтың рухы биік, жігері мықты, нағыз жеңімпаз ұлт екенін көрсетті". Көкпар, аударыспақ, қазақ күресі сияқты ұлттық спорттар қайта түлеп, жастардың жүрегінен орын алды. Спорттың басты миссиясы -халықтар достығын нығайту.

Дүбірлі дода жоғары деңгейде, әділ өтті. Бұл үшін Қырғыз еліне алғыс айтуымыз орынды. Бүгін Тәуелсіздік сарайында марапатталған әрбір спортшы мен бапкерге бүкіл халық жанкүйер болды. Олар ел үмітін ақтады.Тарихын ұмытпаған, тамырынан ажырамаған ұлт қана биікке самғайды. Көшпенділер ойындағы жеңіс -соның дәлелі.

 

Мұрат Қансұлтанов,

аудандық алқабилер мүшесі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT