Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел дамуына қатысты маңызды бағыттар айқындалды. Президент реформалардың табысты жүзеге асуы ең алдымен қоғам санасының жаңаруымен тығыз байланысты екенін ерекше атап өтті.
Шынында да, рухани құндылықтар мен экономикалық өсім қатар жүргенде ғана мемлекет жан-жақты дамиды. Мәдениет пен білім – жеке тұлғаның да, тұтас қоғамның да санасын қалыптастыратын басты факторлар. Бұл салаларды қолдау – елдің болашағына салынған инвестиция.
Ұлттық бірегейлік нығайған сайын қоғамдық тұрақтылық артып, береке-бірлік күшейеді. Ал тұрақтылық – кез келген реформаның нәтижелі болуының негізгі кепілі. Сондықтан рухани дамуға басымдық беру – уақыт талабынан туындаған маңызды қадам деп есептеймін.
Ерғалиев Нұрбол
Индер аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры



