Рухани жаңғыру -реформалардың берік негізі

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген ойлар қоғам үшін аса өзекті деп санаймын. Президент реформалардың табысты болуы ең алдымен халықтың санасы мен көзқарасының жаңаруына байланысты екенін нақты атап өтті. Бұл – бүгінгі Қазақстан үшін өте маңызды тұжырым.


Шынында да, тек экономикалық көрсеткіштермен шектелу ұзақ мерзімді даму үшін жеткіліксіз. Рухани құндылықтар, мәдениет пен білім – қоғамның ішкі тірегін қалыптастыратын негізгі күштер. Ұлттық бірегейлік нығайған сайын адамдардың елге, қоғамға деген жауапкершілігі артып, қоғамдық тұрақтылық күшейе түседі. Мұның өзі кез келген реформаның тиімді жүзеге асуына тікелей әсер етеді.
Президенттің руханиятты қолдауды болашаққа салынған инвестиция ретінде бағалауы өте орынды. Себебі саналы, білімді, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін қоғам ғана тұрақты даму жолына нық қадам баса алады. Сондықтан Ұлттық құрылтайда айтылған бұл бағыттар ел дамуының берік іргетасын қалауға қызмет етеді деп сенемін.


А.Е. Кенжеахметова “Көктоғай- Мәдениет” МКҚК әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT