«Ұрпақ абыройы-қариялар қауіпсіздігі және отбасылық жауапкершілік»

Алаяқтық дертімен тек заң күшімен емес, ар-ұят, отбасылық тәрбиемен күресу қажет.

Бүгінгі таңда алаяқтардың басты ныса­насы – өмір бойы адал еңбек етіп, зейнетке шыққан біздің сенгіш қарияларымыз бен технологияға аңғал қарайтын тұрғындарымыз. Олардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отырған негізгі өмірлік жағдайлардың бірі – түн ішіндегі психологиялық соққы. Мәселен, «балаңыз немесе немереңіз апатқа түсті, істі жабу үшін ақша керек» сынды қоңыраулар. Одан бөлек, банкоматты толық пайдалана ал­майтын азаматтарымыз пинкодты қағазға жазып алып, картамен бірге ұстайды. Банкомат басында тұрған бейтаныс адамдарға «Айналайын, ақшамды түсіріп берші» деп бейта­ныс адамға картаны ұстата салады. Үшіншісі, «Зейнетақы қорындағы ақшаны алып беремін» деген сөзге сену салдарынан орын алатын жайт­тар көп.

Ардагерлер кеңесін өте қатты  алаңдататын екінші мәселе – біздің ұрпағымыздың, аудан жастары мен студенттердің оңай олжаға елітіп, алаяқтардың «құралына» (дропперге) айналып жатқаны. Интернетте «банк картаңды жалға берсең, оңай табыс табасың» деген сөзге сеніп, өз карталарын алаяқтарға беріп жібереді. Сондықтан біреуді алдап тапқан пайдада береке болмайты­нын ескеру қажет.

Ауданымыздағы әр ақсақал, ардагер мен шаңырақ иесі өз отбасында, өз ауылында осы құндылықтарды насихаттауы тиіс,

Бағытжан Құнас,

аудандық ардагер­лер кеңесінің төрағасы

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT