Ұрлық - заң бұзушылық

Жасөспірімдер арасындағы ұрлық – қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Көп жағдайда мұндай әрекет жеңіл көрінгенімен, оның салдары өте ауыр. Ұрлық жасаған жасөспірім заң алдында жауапкершілікке тартылып, оның болашақтағы оқуына, жұмысына және қоғамдағы беделіне кері әсер етуі мүмкін.

 

Баланың теріс жолға түсуіне көбіне ата-ана бақылауының әлсіреуі, достарының ықпалы, әлеуметтік желідегі жағымсыз контент немесе тәрбиедегі олқылықтар себеп болады. Сондықтан отбасы, мектеп және қоғам бірігіп, жас ұрпаққа адалдық, еңбекқорлық және заңды құрметтеу құндылықтарын сіңіруі қажет.

 

Әрбір жас заңды сыйлап, өзгенің мүлкіне құрметпен қараса, қоғамда тәртіп пен қауіпсіздік нығая түседі. Адал еңбекпен жеткен жетістік қана адамды биікке жетелейді.

 

Ш.Ергзиева

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT